Жаңалықтар
Көпір үстіндегі көлік апатынан 4 адам қаза тапты
10 наурыз күні сағат 01:40 шамасында Бейбарыс сұлтан көпірінде Lada Granta және Infinity көліктері соқтығысып, соның салдарынан 4 адам қаза тапты, деп хабарлайды Атырау қалалық полиция басқармасы.
Нақтырақ айтқанда, Lada Granta автокөлігінің 1998 жылы туған жүргізушісі мен 3 жолаушысы оқиға орнында қаза тауып, тағы бір жолаушысы жедел жәрдеммен Атырау облыстық ауруханасына жеткізілді.
Осы апатқа байланысты қазіргі таңда тиісті іс-құжаттар жинақталуда.