Конституциялық заңға сүйенеміз
Аtr.kz/22 маусым, 2020 жыл. 12 тамыз – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауы күні.
Таяуда Президент Қасым- Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын тағайындау туралы Жарлығы жарияланды. Саяси науқан қарсаңында бірқатар жоспарлы шаралар заң аясында жүргізіледі. Осы ретте, Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасы Азамат АЙМАНАКУМОВПЕН тілдесіп, саяси шараға қатысты мәселелер төңірегінде әңгіме өрбіттік.
– Азамат Мақсотұлы, алдымен аумақтық сайлау комиссиясының құрамын таныстырудан бастасаңыз.
– Парламент Сенаты депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мен өткізуге орталық сайлау комиссиясы басшылық етеді. Ал, тиісті аумақтық сайлау комиссиялары Парламент депутаттарының сайлауын өңірлерде дайындауды және өткізуді қамтамасыз етеді.
А у м а қ т ы қ с а й л а у комиссиясының мүшелерін 2019 жылдың қаңтар айында саяси партиялар және қоғамдық ұйымдардың ұсынысы негізінде облыстық мәслихат сайлады. Құрамда 7 мүше бар, олардың сайлау кампанияларын ұ й ы м д а с т ы р у д а і с — тәжірибелері жеткілікті. Комиссия мүшелерінің аты- жөндері, орналасқан орны 13 маусымда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.
Сонымен қатар, орталық сайлау комиссиясының e l e c t i o n . g o v . k z ж ә н е аумақтық сайлау комиссиясы ақпараттары жарияланып о т ы р ғ а н a t y r a u . g o v . k z сайттарынан облыстағы сайлау комиссиялары туралы толық ақпараттарды біле аласыздар.
– Кел е с і к е з е к т е сайлау науқанының кандидаттарды ұсыну тәрті б і туралы айта кетсеңіз.
– О р т а л ы қ с а й л а у к о м и с с и я с ы н ы ң 1 2 м а у с ы м д а ғ ы № 1 2 — 3 0 7 Қаулысына сәйкес сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі к ү н т і з б е л і к ж о с п а р ы б е к і т і л г е н б о л а тын . Жоспарға сәйкес, Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттарды ұсыну 13 маусымнан басталды. Сайлау өткізілетін күнге бір ай қалғанда, яғни, 2020 жылғы 12 шілдеде сағат 18.00-де аяқталады.
– Кімдер үміткер бола алады? Бекітілген талаптарды білсек…
– Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттарды ұсыну мәслихаттар арқылы, сондай-ақ, өзін өзі ұсыну тәртібімен жүзеге асырылады. Отыз жасқа толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар, Қазақстан аумағында соңғы 10 жылда тұрақты тұратын және Сенат депутаттығына кандидат ұсынған тиісті облыстың, біздің жағдайымызда Атырау облысының аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұратын ҚР азаматы Сенат депутаты бола алады.
– Ал, саяси додаға қатысуға құқығы жоқ адамдар тобына кімдер жатады?
– Сот әрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтарды сайлауға және олардың сайлануға құқығы жоқ. Соттылығы заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған адам, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық қылмыс және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәсін сот заңда белгіленген тәртіппен таныған адам Қазақстан Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат бола алмайды.
– Үміткерге қатысты а у м а қ т ы қ с а й л а у комиссиясының келесі қадамы қандай болмақ?
– Тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік бойынша Сенат депутаттығына кандидат болып дауысқа түсу ниеті туралы құжаттар келіп түскен кезде облыстық сайлау комиссиясы біріншіден, үш күн ішінде кандидаттың Конституцияда және осы Конституциялық заңда қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілейді, екіншіден, тексеру аяқталған күннен бастап үш күн мерзімде оған таңдаушылардың қолдарын жинау үшін қол қою парақтарын береді.
Сенат депутаттығына кандид а т ты облыс тың барлық мәслихаттары таңдаушыларының жалпы с а нының к емі н д е о н пайызынан, бірақ, бір мәслихаттың таңдаушылар дауысының жиырма бес п а й ы з ы н а н а с п а й т ы н дауысымен қолдауға тиіс.
– Тіркеу тәртібінің ережелері қандай?
– Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттарды тіркеуді облыстық, қалалық немесе аудандық мәслихаттың депутаттыққа кандидатты ұсыну туралы шешімі (мәслихат ұсынған жағдайда); депутаттыққа кандидат болып дауысқа түсуге келісімі туралы өтініші; тиісті сайлау комиссиясының кандидатты қолдап таңдаушылардың қолдарын тексеру нәтижелері т у р а л ы х а т т а м а с ы ; кандидаттың өмірбаяндық деректері; оның жұбайының (зайыбының) табысы мен мүлкі туралы декларация т а п с ы р ғ а н ы т у р а л ы Мемлекеттік кіріс органының анықтамасы; кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін куәландыратын 637 500 теңге (ең төменгі жалақының он бес еселенген мөлшері) сомасында құжат болған жағдайда облыстық сайлау комиссиясы жүзеге асырады.
Сенат депутаттығына кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен жиырма күн бұрын, яғни, 2020 жылғы 23 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.
– Түсінікті. Ал, тіркеу аяқталған соң, қандай і с -ша р а л а р жүз е г е асырылмақ?
– Сайлау алдындағы үгіт жұмыстары басталады. Ол кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған кезден, яғни, 2020 жылғы 23 шілдеде сағат 18.00-ден кейін басталады және дауыс беру күнінің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта, яғни, 11 тамызда сағат 00.00-де аяқталады.
– Дауыс беру тәртібі туралы білсек…
– Сенат депутаттарын жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру кезінде таңдаушылар – мәслихат депутаттары сайлайды. Ал, оларды өз кезегінде жалпыға бірдей с а й л а у д а Қа з а қ с т а н Республикасының азаматтары сайлады. Осылайша, ел азаматтары өз өкілдері арқылы Сенатты қалыптастыруға қатысады.
Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі алты жылды құрайды. Бұл ретте жартысы әрбір үш жыл сайын қайта сайланып отырады.
– Д а у ы с с а н а у нәтижелері қашан белгілі болады?
– Сенат депутатының сайлауындағы дауыстарды санау нәтижелері дауыс беру пунктінде өткізілетін тиісті сайлау комиссиясының отырысында белгіленеді. Сенат депутатын сайлау жөніндегі дауыстарды санау хаттамасы таңдаушылардың бірлескен отырысында жария етіледі және оны сайлау күнінен бастап екі күннен аспайтын мерзімде орталық сайлау комиссиясына жібереді. Сенат депутаттарын жалпы республика бойынша сайлаудың қорытындыларын сайлау өткізілген күннен бастап, жеті күн мерзімнен кешіктірмей орталық сайлау комиссиясы шығарады.
– К е л е с і м ә с е л е , ағымдағы жылдың қазан айында өкілеттік мерзімі аяқталатын сенаторларға қатысты. Сенаттың қазіргі депутаттары қайтадан дауысқа түсе ала ма? Қандай шектеулер бар заңнамада?
– Конституциялық заңда және Конституцияда қызмет атқарып отырған сенаторлар үшін ешқандай шектеулер көзделмеген, яғни, қызметтегі сенаторлар басқа барлық кандидаттармен тең дәрежеде сайлауға қатыса алады және қайтадан келесі мерзімге үміткер бола алады.
– Қазіргі қалыптасқан э п и д е м и о л о г и я л ы қ ахуалға орай сайлау комиссиялары тарапынан қандай да бір қосымша і с -ша р а л а р жүз е г е асырыла ма? Сөз соңында қауіпсіздік шаралары туралы да айта кетсеңіз.
– Ж о ғ а р ы д а а й т ы п ө т к е н і м д е й , О р т а л ы қ сайлау комиссиясының №12-307 Қаулысында облыс әкімдеріне санитарлық дәрігерлермен бірлесіп, өңірдегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, сайлауды өткізу кезеңінде сайлау процесінің санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету тапсырылған. Қазіргі уақытта комиссия штаттық режимде жұмыс жасауда. Санитарлық шараларды ұйымдастыру, өз деңгейінде жүргізу жүзеге асырылуда.
– Сұхбатыңызға рахмет!
Әңгімелескен: Гүлжан ӘМІРОВА