Жаңалықтар
Коммуналшыларға — лайықты құрмет
Жаңа жыл қарсаңында Мақат ауданының әкімі Азамат Мәмбетов өңірде тазалықты қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етіп жүрген коммуналдық сала қызметкерлеріне мерекелік көңіл-күй сыйлады. Аудан басшысы одарды жаңа жылмен құттықтап, арнайы сыйлықтарды табыс етті.
Сондай-ақ, аудан көшелеріндегі тазалықты қадағалайтын коммуналдық қызмет мамандарының еңбегі орасан зор екендігін айтып, олардың атқарған жұмыстарыңың арқасында мұнайлы өлкенің бүгінде таза ауданға айналып отырғандығын жеткізді.
Өз кезегінде “Тазалық көгал” ЖШС-нің қызметкерлері аудан әкімдігіне ризашылығын білдіріп, алғыстарын жаудырды.
Дәулетқали АРУЕВ
Мақат ауданы