Жарнама
Жаңалықтар

Көмір өндірісінің жаңа техникалық регламенті бекітілді

Көмір мен өңдеу өнімдеріне қойылатын талаптар бойынша жаңа техникалық регламент бекітілді, — деп хабарлайды Техникалық реттеу және метрология комитеті.

Қазақстан Республикасында 2025 жылғы 11 наурыздағы № 84 Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығымен «Көмір мен өңдеу өнімдеріне қойылатын талаптар» техникалық регламенті бекітілді. Бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап он екі ай өткен соң күшіне енеді.

Техникалық регламенттің техникалық реттеу объектілері мыналар:

1) көмір және оларды сұрыптау, байыту және агломерациялау өнімдері;

2) көмірді термохимиялық өңдеу өнімдері (кокс, жартылай кокс, тас көмір шайыры, көмір майы, қазандыққа арналған көмір отыны, белсендірілген көмір).

Комитет атап өткендей, жаңа техникалық регламентте көмірдің және өңдеу өнімдерінің түрлері нақты көрсетілген, сәйкестікті бағалау бөлімі толықтырылған.

— Көмір мен оның өңдеу өнімдерін өндіру процестеріне қойылатын талаптар алынып тасталды, өйткені олар салалық құқықтық актілермен реттеледі. Жалпылама қауіпсіздік нормаларының орнына әртүрлі көмір түрлері мен оның өңдеу өнімдеріне арналған қауіпсіздік көрсеткіштерін сараланған нормалау енгізілді. Мысалы, техникалық регламент талаптарына тас көмірден алынатын кокс пен жартылай кокс, белсендірілген көмір және Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес кодтары бар басқа да өнімдер енді. Көмірді термохимиялық өңдеу өнімдерінің сақтау мерзіміне қатысты нормалар енгізілді, сондай-ақ өнімнің өрт қауіпсіздігін сипаттайтын нормалар белгіленді, — делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Техникалық регламенттің жаңа редакциясына техникалық регламент талаптарын сақтау үшін қажетті 52 стандартты және көмір мен өңдеу өнімдерінің сәйкестігін бағалау үшін 116 стандартты қамтитын стандарттар тізбесі әзірленді.

Осы техникалық регламент күшіне енгенге дейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 шілдедегі № 731 қаулысымен бекітілген «Көмірдің және оны өндіру, өңдеу, сақтау және тасымалдау процестерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті қолданылады. Жаңа техникалық регламент күшіне енген сәттен бастап бұл құжаттың күші жойылады.

Бұдан бұрын еліміздің қоймаларында қанша көмір бар екені нақтыланды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button