ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӨМІРІН ЖАҚСАРТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ ТАБЫЛДЫ

img 20220110 wa0170 Қоғам

Президенттің Мәжілістегі сөздерінің қысқа-нұсқа түйіндерін ұсынамыз.

⚡ 2 күннен кейін ҰҚКҰ әскерлерін елден шығару басталады. Он күннен соң толық аяқталады.

⚡  2025 жылға қарай елімізде беделді шетелдік бес жоғары оқу орындарының филиалын ашуды тапсырамын. Оның екеуі техникалық бағытта болады.

⚡ Мұғалімдер жетіспейтін өңірлер үшін тиісті қолдау шаралары кешені мен үздік мұғалімдерді тарту бойынша арнайы бағдарлама әзірлеуді тапсырды.

⚡ Үкіметке 2 айдың ішінде халықтың табысын арттыру бағдарламасын дайындауды тапсырды.

⚡ Депозиттердің пайыздық мөлшерлемесі өседі. 11 қаңтардан бастап ең жоғарғы пайыздық мөлшерлеме 3 және 6 айлық мерзімдегі депозиттерге қолданылады. Яғни, жинаққа қосылатын мөлшерлеме 2 пайызға өспек.

⚡Күштік құрылымдардың айлығын көтеру керек.

⚡ Жастарды әскери борышын өтеуге ынталандыруды қоғам болып ойластыру керек.

⚡ІІМ мен Ұлттық Ұлан құрамы санын арттыру керек.

⚡  «Самұрық-Қазына» мен оның құрылымдық бөлімшелеріне ревизия жүргізуді тапсырды.

⚡ «Самұрық-Қазына» қоры мен басқа да ұлттық компаниялардың сатып алулары тәртібін қайта қарастыру керек.

⚡ LRT жобасын тиімді аяқтауға отандық және шетелдік сәулетшілер шақырылады.

⚡ Үкімет мүшелері, әкімдер мен депутаттардың айлығының өсуіне 5 жылдық мораторий жарияланады.

⚡ Елден қаржыны тысқары шығарғандардың қатаң бақылау Ұлттық банк пен қаржылық мониторинг агенттігіне тапсырылды.

⚡ Мемлекеттік қызметтен кетудің тәртібі жеңілдетілуі керек.

⚡ Үкіметке «Оператор РОП» утильдік алым жинауына тыйым салуын тапсырды. Мұнымен шет мемлекеттердегідей мемлекеттік ұйым айналысуы керек. Алымдардың өзіне келсек, олардың ставкасы қайта қаралуы керек.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз