Колледж студенттерінің шәкіртақысы өседі
Оқу-ағарту министрлігі мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидасына өзгеріс енгізетін қаулы жобаын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, шәкіртақыға мынандай өзгеріс енгізу ұсынылды:
-техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмысшы біліктіліктері бойынша оқитын студенттерге – 32 681 (отыз екі мың алты жүз сексен бір) теңге;
-техникалық және кәсіптік (орта буын мамандарын даярлауды көздейтін), орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алатын студенттердің мемлекеттік стипендиясы – 31 422 (отыз бір мың төрт жүз жиырма екі) теңге.
Оқу-ағарту министрлігінің пайымдауынша, стипендия мөлшерін ұлғайту ел жастары үшін техникалық және кәсіптік білім берудің тартымдылығын едәуір арттырады, колледж студенттерінің әлеуметтік жағдайын жақсартады және техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау сапасының артуына әсерін тигізеді.
Құжат 30 наурызға дейін талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.