Kaspi.kz жаңа қызметті іске қосты

c4b7df8130d244a39d3a040263659059 Жаңалықтар

Kaspi Postomat – Kaspi.kz-тегі Магазиннен тауарларды қабылдауға арналған құрылғы.

Бұл туралы zakon.kz мәлім етті. Бұрын клиенттер зат сатып алған соң есіктен есікке дейін жеткізуді таңдайтын. Бірақ кейбір тұтынушыларға жеткізу уақытын келісіп, үйінде курьерді күтуді ыңғайсыз болып шықты. Сондықтан Kaspi.kz сүйікті тұтынушыларына жеткізудің жаңа инновациялық әдісі – Kaspi Postomat-ты ұсынды. Енді сіз жақын маңдағы Kaspi Postomat-қа жеткізуге тапсырыс беріп, сатып алған затты өзіңізге ыңғайлы уақытта алып кетуге болады.

Kaspi.kz басшысы және негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе бұл туралы былай деді:

«Біз сүйікті тұтынушыларымыз үшін үнемі инновациялық қызметтерді жасаймыз. Енді біздің интернет-дүкеннен сатып алған затты Kaspi Postomat көмегімен үйге қайтар жолда, өзіңізге ыңғайлы уақытта ала аласыз. Тапсырысты алу үшін Kaspi Postomat экранындағы Kaspi QR сканерін сканерлеу жеткілікті, қорапша бірден сиқырлы түрде ашылады. Барлығы қарапайым және ыңғайлы. Бізді жаңашылдыққа шабыттандырғаны үшін сүйікті клиенттеріміздің әрқайсысына алғыс айтамыз. Біз өмірді жақсартатын инновациялық қызметтермен ары қарай да қуанта береміз!»

Қазақстанда қазірдің өзінде 1000-ға жуық Kaspi Postomat, оның ішінде 350 құрылғы Алматыда орнатылған. Олар Kaspi.kz филиалдарында, сауда және бизнес орталықтарында, үй маңындағы дүкендерде және жанармай құю бекеттерінде орналастырылған.жаңа құрылғы

Сурет: Kaspi.kzKaspi Postomat арқылы жеткізуді Kaspi.kz-тегі интернет-магазинде сатып алу кезінде таңдауға болады.

Kaspi Postomat-тағы тапсырыстардың қауіпсіздігі өте берік. Барлық құрылғылар тәулік бойы бейнебақылауда, әрбір ұяшық бірегей электронды құлыппен жабдықталған. Тапсырысты алу үшін Postomat экранындағы Kaspi QR-ды сканерлеу керек және тапсырысыңыз жазылған ұяшық автоматты түрде ашылады.

постомат, іске қосылды
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз