Жарнама
ЖаңалықтарЭкономика

«Көкжиде» Атырауды ауыз су тапшылығынан құтқара ма?

Аtr.kz/25 мамыр, 2020 жыл. Базарбаев Азамат Сансызбайұлы облыстық «Аты­рау» газеті Бас редакторының орынбасары қызметіне кірісті.

Жоғары білімді маман еңбек жолын Индер аудандық «Дендер» газетінде корректор болып бастады. Облыстық «Атырау» газетінде 1998 жылдан бері қызмет етіп келеді. 2006 жылы республикалық «Алтын Орда» апталығына ауысып, бас редактордың орынба­сары болды. Облыстық басылымда түрлі бөлімдердің меңгерушісі қызметін атқарды. Ол – республикалық С.Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты.

Бүгін А.Базарбаевтың облыстың проблемалық мәселелеріне арнаған мақаласын оқырман назарына ұсынып отырмыз. Атырауда ауыз су тапшылығын жою оңай болмай тұр. Жерасты тұщы су қорларының жоқтығы, магистрал­ды құбырлардың ескілігі мәселені дереу шешуді қажет етуде. Ақтөбе аумағындағы «Көкжиде» су көзінен Атырау мен Маңғыстау облыстарының қажеттілігі үшін су желісін тарту бастамасы осы мақсатта қолға алынды. Бұл жобаның жүзеге асуы мүмкін бе?

 Тозған құбыр, таусылған су қоры

Елбасының Атырау об­лысына сапары кезінде «Көкжидеден» мұнайлы өңірге су жеткізу үшін жабдықтау жүйесін жобалау, салу, жера­сты тұщы су қорларын қайта бағалау туралы тапсырма берді. Облыстық табиғи ресур­стар және табиғат пайдалану­ды реттеу басқармасының бас­шысы Қадыржан Арыстанның айтуынша, осының негізінде бүгінде ауқымды жұмыстар қолға алынды.

Атырау қаласы мен Махам­бет, Индер аудандарының тұрғындары ауыз суды іргесіндегі Ж айықт ан алып отыр. Бұл өзеннің гидрологиялық деңгейі Ресейдің Орынбор облысын­да орналасқан «Ириклинский» су қоймасынан жіберілетін су көлеміне тәуелді. Құрманғазы, Исатай, Жылыой жұрты облыс аумағы арқылы өтетін «Астра­хан–Маңғышлақ» магистрал­ды құбырынан қажетін өтесе, Қызылқоға мен Құрманғазы ауданы Азғыр өңірінің халқы жерасты суын ішуде.

– Жайық өзені ағынының динамикасы көрсеткендей, ағып өтетін су көлемі жыл­дан жылға азаюда. Бүгінде жылдық орташа ағыны 5-7 текше шақырымға дейін төмендеді. Ол бұған дейінгі көп жылдардағы орташа көрсеткіштен екі есеге жуық аз. Оның үстіне Жайықтан Атырау қаласы мен Ин­дер, Махамбет және Мақат аудандарының өнеркәсіп, шаруашылық нысандарының, сондай-ақ, шаруашылық қажеттілігі үшін алынатын судың көлемі жыл сайын ар­тып келеді, — деді облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы.

Трансшекаралас Еділ мен Жайық өзендерінің деңгейі 2008 жылдан бері күрт төмендеп кетті. Ар­насы толмағандықтан жағалаудағы ормандар қурап, жайылымдық-шабындық алқаптар жойылуда. Оның үстіне 30 жыл бұрын салынған «Астрахан-Маңғышлақ» магистралды су құбырын жаңғырту қажеттілігі ту­ындады. Маңызды мәселе Парламент қабырғасында да көтерілуде.

Об л ы с т а ғы Иса т а й , Құрманғ а зы, Жылыой аудандарының тұрғындары м е н м ұ н а й ө н д і р у кәсіпорындары ауыз су, технологиялық және техникалық қажеттіліктеріне қажет суды «Астрахан- Маңғышлақ» магистрал­ды құбырынан алады. Ол Маңғыстау облысындағы тұтынушыларды да ауыз су­мен қамтамасыз етіп отыр. Тұрғындар санының өсуі, өндірістің ұлғаюы жақын болашақта су тапшылығын арттыра беретіні сөзсіз. Қазірдің өзінде Исатай, Жы­лыой аудандары мен Құлсары қаласының тұрғындары, мекеме-кәсіпорындары тапшылықты сезуде, оларға су кейде сағаттап беріледі. Былтыр Ақтөбе аумағындағы Мұғаджар тауына дейін барып қайтқан жылыойлық басшы­лар көп жайға көз жеткізіп келді.

Кенді игеру қолға алынуда

Су құбырының техникалық тұрғыдан тозуы, қажеттіліктің ұлғаюы проблеманы еселей түсуде. Сала мамандарының п і к і р і н ш е , А қ т ө б е аумағындағы «Көкжиде» жерасты су көзі Атырау халқын ауыз судың азабы­нан құтқара алады. Үлкен жоба жүзеге асса, Жайық өзеніне түсетін салмақты азайтуға мүмкіндік береді. Каспий теңізінің биологиялық әралуандығын сақтау мен молайтуға септігі тиеді. Осы мақсатта Атырау облысының  әкімшілігі бұдан бұрын Үкімет басшысының атына арнайы хат жолдады. Мұнда «Көкжиде» су көзін Атырау және Ақтөбе облыстарының тұрғындары мен өндірісіне техникалық және ауыз су мақсаттарына пайдалану жөніндегі жұмыстарды тиісті министрліктер тарапынан бастау ұсынылды.

–«Көкжиде» Құлсары қаласынан 300 шақырымдай жерде орналасқан. Ол 1983 жылы мұнай кәсіпорындарын шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау мақсатында барланған болатын. Қазір су көзінің шығыс бөлігін Ақтөбе облысының мұнай-газ кәсіпорындары шаруашылық мақсатта пайдаланып отыр. Оның тәулігіне 750 мың текше метр су шығара ала­тын мүмкіндігі бар, — деді басқарма басшысы Қадыржан Бақтығалиұлы.

Жоба қайта бағаланады

Ақтөбе облысы аумағындағы су көзін қайта барлау, бағалау жұмыстарының құны 1 млрд. 161 млн. теңгені құрайды. Ауқымды жоба республикалық бюджет арқылы жүзеге асады

 деп жоспарланды. Қаржы мәселесі шешілмегендігінен оның орындалуы кешеуілдеп қалды. Дегенмен, бүгінде сең қозғалғандай. Былтыр жоба­ны қайта бағалау мақсатында 300 млн. теңге бөлінсе, биыл оған 431 млн. теңге қаралды. Осы жұмыстар аяқталғаннан кейін Атырау облысына су жеткізу жобасының сметалық құжаттамасы жасақталады.

«Ақпан» ЖШС бас гидро­геологы Виктор Недюжиннің баяндауынша, «Көкжиде» қорының суы өте тұщы. Ми­нерализациясы дециметріне 0,1-0,3 грамнан аспайды, «Ауыз су» стандартына сәйкес келеді. Кезінде кеңес одағының басшылары оның суын Атырау облысының елдімекендері мен мұнай кәсіпшілігіне жеткізу туралы тапсырма беріпті. Әйткенмен, кейін бастама аяқсыз қалған.

–« К ө к ж и д е » к е н орнындағы жерасты су қоры қайта бағалауды қажет етеді. Оның мүмкіндігі Атырау мен Ақтөбе қалаларының ғана емес, Көкжиде құмынан «мұнайлы астанаға» дейінгі құбыр бойындағы барлық елдімекеннің сапалы суға деген сұранысын толықтай қамти алады. Болашақ су тоғанының ұзындығы 21 шақырымды құрайды. Мұнда 70-ке дейін ұңғыма жұмыс жасайтын болады, — дейді «Ақпан» ЖШС-інің бас ги­дрогеологы.

Жаңа су көзін игеру Аты­рау облысының сұранысын өтейтіні белгілі болып отыр. Жылыой, Мақат аудандары­мен қатар, Атырау қаласы қажеттілігін осыннан ала ала­ды. Қызылқоғаға да желіні жеткізудің мүмкіндігі бар. Мамандардан білгеніміз, «Көкжиде» қайта бағаланса, мұндағы су қорының нақты көлемі айқындалып, тұщылығы талапқа сәйкес келетіндігі құжат түрінде дәлелденсе, құбыр желісін тарту қиын болмайды. Себебі, Ақтөбе облысының жері Атыраумен салыстырғанда биіктеу. Бұл суды қосымша сорғы қондырғыларын орнатпай-ақ, өз ағынымен жеткізуге мүмкіндік береді. Осылайша, «Көкжиде» кені игілікке айналады деген елдің үлкен үміті бар.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button