Жарнама
Жаңалықтар

Көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру басталды

Бұл туралы Атырау қаласы қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқарма бастығы Құрманәлі Жүнісбеков баспасөз брифингінде мәлім етті, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қарулы күштер, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардың қатарын шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан бас тартуға құқығы жоқ 18-27 жас аралығындағы азаматтар толықтырады. 1 наурызда басталған көктемгі науқан мамыр айының соңына дейін жалғаспақ.

– 2025 жылдың көктемгі жүктемесіне сәйкес Атырау қаласы бойынша 300-ге жуық азамат шақырылады деп жоспарлап отырмыз. Шақырту жіберілгеннен кейін олардың денсаулығы тексеріліп, алғашқы медициналық комиссиядан өтеді. Сонымен қатар зерделеу жұмыстары да жүргізіледі, — деді Қ.Жүнісбеков.

Атырау облысы Қорғаныс істері департаменті бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасарының у.м.а. Руслан Әнуаровтың айтуынша, әскери борышын өтеу барысында тәртібі жақсы және жауынгерлік дайындық сабақтарынан көрсеткіші жоғары болғандар еліміздің кез келген жоғары оқу орнының грантына ие болады. Бұл мүмкіндік оқуын жалғастырушы сарбаздарға да қатысты.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button