КӨҢІЛДЕН КЕТПЕЙТІН БЕЙНЕ
— Атыраудың белгілі тұлғаларының бірі – Нариман Үлкенбаев. Ол – Қазақстанның мәдениетінің дамуына ерекше еңбек сіңірген адам. Ол жасаған істің бәрін санамалап айтып, тауысу мүмкін емес. Соның ішінде Исатай ауданы, Тұщықұдық ауылындағы мәдениет үйіне «халық театры» атағын алып беруге атсалысқанын атап айтар едім. Нариман Үлкенбаевтың өзіне тән даусымен салған әні, дауылпаздата тартқан күйі жұртының мәңгі есінде.
Өзі өлеңге сөз, оған саз-әуен жазатын, оны өзі орындайтын. Табиғаттың бойына берген таланты ізсіз кеткен жоқ, ұрпағына дарыды. Халықтың күйші қызы Айгүл Үлкенбаева әкесінен мұра боп қалған өнерді одан әрі жалғастырып, қазақтың қара домбырасын әлемге әйгі етті. Осындай талантты адамның ел есінде ұмытылмай, мәңгі қалуы үшін өзі тұрған үйдің қабырғасынан ескерткіш тақта ашылғалы тұр. Бұл – біздің атыраулықтардың өнер адамына, өнерге деген сүйіспеншілігінің көрінісі, — деді аймақ басшысы Бақтықожа Салахатдинұлы.
Толық нұсқасын газеттен оқи аласыздар.