Атырауда әкімшілік құқық бұзушылықтарды бір жүйеге біріктіретін пилоттық жоба жүзеге асуда

photo5215209342939277544 Жаңалықтар

Облыста «Әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізілімі» жүйесінің пилоттық жобасы жүзеге асуда,-деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

photo5215209342939277544

Жоба мақсаты – әкімшілік құқық бұзушылықтарды бір жүйеге біріктіріп, құқық қорғау қызметкерлерінің жұмысын жеделдету. Алдағы уақытта барлық жергілікті жол полициясы әкімшілік құқық бұзушылық хаттамаларын планшеттер арқылы толтыратын болады. Ол үшін заң бұзушының ЖСН нөмірі ғана жеткілікті.

photo5215209342939277543

«Әзірге бұл пилоттық жоба Құлсары қаласында жүзеге асуда. Кеше ғана жергілікті полиция планшет арқылы хаттамалар толтырып бастады. Алғашында жол ережесі қозғалысы қадағаланса, кейін жергілікті полиция қызметкерлері де планшеттер арқылы жедел түрде хаттама толтырады»,-дейді Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің Атырау облысы бойынша басқармасының басшысы Нұрлан Ахметбаев.

Басқарма басшысының мәлімдеуінше, Жылыой ауданында жол полициясы қызметкерлеріне тағы да 10 планшет сатып алынады. Облыс бойынша барлығы 830 планшет пен принтерлерді қолдану жоспарлануда. Ол үшін жергілікті бюджеттен 130 млн. теңге қаражат бөлінеді. Жоба облыс әкімдігі мен мәслихатында бекітілген.

Айқара Ғұмар

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз