Кітапханашыларға құрмет көрсетілді

screenshot 9 3 Жаңалықтар

Ел егемендігінің мерекесі қарсаңында республикамызда кітапханашылар күнінің де атап өтілетіні белгілі. Осыған орай, №2 қалалық кітапхана ғимаратында салтанатты шара өтті.

            Кәсіби мереке иелерін Атырау қаласының әкімі Мейірім Қалауи құттықтады. Ол мамандығы мақтанышына айналған, үлгілі қызметімен әріптестеріне үлгі болып жүрген сала қызметкерлерін өзінің атынан жазылған Алғыс хатпен марапаттап, «Қазақстанның құрметті кітапханашысы» төсбелгісін тапсырды.

screenshot 10 2

            Осындай құрмет қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің (басшысы Нұрбек Ахмедияров) тарапынан да көрсетілді. Шараға арнайы шақырылған қонақтардың атынан еңбек ардагері, ұлағатты ұстаз Хамза Ғабдолла мен Балықшы аймақтық мүгедектер қоғамының төрағасы Әмина Нысанғалиева игі тілектерін білдіріп, жылы лебіздерін жолдады.

Дәулетқали АРУЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз