Жарнама
Жаңалықтар

Кітапханада – коворкинг орталығы

1 маусым – Балаларды қорғау күні қарсаңында Атырауда «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының қолдауымен «Балалар коворкинг орталығы» ашылды.

img-20180530-wa0034

Бұл туралы баяндаған саяси ұйымның облыстық филиалының баспасөз хатшысы Эльмира Тұңғатарова Ғ.Сланов атындағы облыстық әмбебап кітапханасы базасында бой көтерген орталық «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан кітапханалары» жобасы аясында жүзеге асырылып отырғанын айтты.

«Коворкинг орталығы кітапханаға келген әр жанұяның сүйікті демалыс орнына айналады деп күтілуде. Орталық заманауи үлгіде жабдықталған. Балалардың бос уақыттарын тиімді өткізуіне барлық жағдайлар жасалған» дейді ол.

Оның айтуынша, жаңа  партиялық жоба  отандық кітапханаларды заманауи білім орталықтары ретінде қайта құруды, яғни, бірыңғай онлайн кітапхана жүйесін қалыптастырып, еліміздегі барлық кітап қорын электронды форматқа көшіруді көздейді.

Кітапханаларда жастарға арналған қызықты лекциялар ұйымдастырылып, пікірталас алаңдары және тағы басқа игі бастамалар қызмет ететін болады. Ал, ата-аналарымен келген балалар үшін тоғызқұмалақ, шахмат, қызықты логикалық ойындар, шеберлік сыныптары  ұйымдастырылады.

Танымал қолөнер шебері Қалима Айбекова орталықта аптасына бір рет  шеберлік сыныбын өткізуді жоспарлап отыр. «Нұр Отан» партиясы қолға алған ерекше жобаны толықтай қолдаймын. Бұл – рухани азықтан алыстап бара жатқан өскелең ұрпақты кітап оқуға баулудың таптырмас жолы»  дейді ол.

Коворкинг орталығы дүйсенбіден  жексенбіге дейін демалыссыз, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін қызмет көрсетеді.

Мәлике Қуанышева

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button