Атырау мектептері 20 STEM кабинетімен қамтамасыз етіледі

1 26 scaled Жаңалықтар

«Осылайша, оқушылар робототехника, информатика, химия, физика  саласындағы зерттеу нысандарын кеңейте алады» деп хабарлайды Atr.kz

Сонымен бірге, биыл облыс  мектептері 167 технология және алғашқы әскери дайындық кабинеттерімен түгелдей қамтамасыз етіледі.   

«Өткен жылы мектептерді замануи оқыту технологияларына сай жабдықтау бойынша 31 АйТи кабинеті және 12 арнайы пәндік кабинет жасақталған болатын. Биыл мектептер қосымша 20 STEM кабинетімен қамтамасыз етіледі. Бұл жағдайлар оқушылардың ғылыми ізденіспен шұғылданып, цифрландыру жағдайында  бағдарламалар құрып, робототехника сияқты салаларға дағдылануына зор мүмкіндік береді» дейді Атырау облысы білім беру басқармасының басшысы Сатқан Есенғалиев.  

Еске сала кетсек, бұған дейін шалғайда орналасқан Қызылқоға ауданындағы Сағыз орта мектебінің оқушылары STEM кабинетінде білім алу арқылы, дрон ұшырып, робот құрастырып жатқанын хабарлаған болатынбыз.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз