Қазақстан-Қырғызстан шекарасы жабыла ма?

rapoaaprapa Жаңалықтар

Atr.kz/19 қазан, 2020 жыл. Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту әрекетінің жолын кесті.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 15 қазанда «Қарасу» өткізу пунктінде болған.

«Шекара жасағы «Мерседес-бенц» автомашинасын тексеру барысында салоннан төлқұжаттық бақылаудан жасырынған және шекараны тіркеусіз кесіп өтуге тырысқан Қырғыз Республикасының 6 азаматын тапты», – деп хабарлады ҰҚК.

Көлік жүргізушісі мен 6 азамат ұсталып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өтуге әрекет жасағаны үшін қылмыстық іс қозғалды.

«Бұл жыл басынан бері қолданыстағы карантиндік шектеулер жағдайында шекара қызметінің әскери қызметшілері тоқтатқан шекараны заңсыз кесіп өтудің алғашқы әрекеті емес екенін атап өту керек», – делінген хабарламада.

Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, шекарашылар мемлекеттік шекараны бұзушыларды анықтау мақсатында бақылау іс-шараларын күшейтті.

https://t.me/KNB_kz/19
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз