Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Кішкентай Мөлдірдің мінсіз бұрымы

Аtr.kz/28 мамыр, 2019 жыл. Атыраулық оқушы Мөлдір ҚАБДЕШОВА – Атыраудағы бұрымдылар байқауының кезекті қатысушысы.

– Менің жасым – 8-де. Ә.Жангелдин атындағы орта мектептің 3 сынып оқушысымын, — дейді ол. – Кішкентай кезімнен түрлі әшекейлерді де таққанды ұнатамын. Анам өмірге келгеніме қырық күн болған соң шашымды алып, суға түсіріп, ырымын жасаған. Содан соң менің шашымды қиған емес. Шашымның ұзын, әрі әдемі болуы үшін бар күшін салған.

Moldir 1

Шашымды ерекше әдіспен күтемін деп айта алмаймын. Бірақ, құрамында тек табиғи заттары бар сусабындармен жуамын. Таңертең тұрған кезде шашымды тарап, өріп қоямыз. Энергиясы мықты болғандықтан оны үнемі жинап жүруге тырысамын. Менің шашыма барлығы қызығады. Сол себептен де түрлі әшекейлермен көмкерілген шаш қыстырғыштарды тағып жүремін.

Қолаң шаш, қиылған қас қазақ қызының бірден бір белгісі деп білемін. Қазіргі таңда азайып кеткен бұрымдылардың қатарында болғаныма қатты қуанамын. Шашымды қимай, әрі қарай да күтіп, өсіргім келеді. Қазіргі таңда шашымның ұзындығы – 85 см.

Related Articles

6 Comments

  1. Кішкентай мөлдірім талабыңа нұр жаусын сен өте əдемісің жеңіс тілеймін

  2. Молдир саттилик тлеимин сен оте суикимди адемисин жолын ашык болсын коз тимисин

  3. Молдир озин сондай молдиреген булактайсын, сыңғырлаған күлкің коныраудай жаным, жолын ашық, сәттілік тілеймін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button