Жарнама
ЖаңалықтарСаясатҚоғам

Үкілі  үміт, асқақ  арман

Тарих қойнауына Ит жылын аттандырып, Жаңа жылға қадам басып отырмыз. Елбасының бастамасымен жарияланған биылғы «Жастар жылы» ертеңгі ел тізгінін ұстар замандастарымыз үшін де, жастар ұйымдары үшін де аса жауапты болатыны түсінікті. Осыған орай, жастардың барлық санатына арналған бірыңғай шаралар жоспары жасақталуда.

zhastar-01

Осы атаулы жылы еліміз жастарының болашақ даму бағыты айқындалатыны белгілі. Бізге қазір замандастарымыздың әлеуетін көтеруге, тұрақты жұмыспен қамтуға, баспана мәселесін шешуге мейлінше мүмкіндік жасалуы керек. Әрине, бұл жұмыстар қазір де жүзеге асырылуда, бірақ, оны жүйелі жолға қоюмыз қажет.

Рас, қоғамдағы жастардың мәселесі бір күнде немесе жарияланған Жастар жылында шешіледі деген ой тумауы тиіс. Бұлар уақыт еншісіндегі келелі де күрделі проблемалар болып қала береді. Десек те, мемлекет тарапынан жастар оқып, білім, мамандық алуына, соған сай жұмысқа орналастырудағы оңды істер де, жасалып жатқан мүмкіндіктер де аз емес. Тек соны орынды пайдалана білу қажет.

Қазіргі туындап жатқан проблемалардың дені ортамызда жүрген   кейбір замандастарымыздың білімсіздігінен болып жатады. Олар кез келген нәрсеге тез, әрі оңай жетуге талпынады. Бұл қате пікір. Сондықтан, жастарды белгілі бір жетістікке жеткен тұлғалармен кездестіріп, олардың жүріп өткен жолдарын үлгі ету қажет. Ал, білімді жастың тасада қалмайтындығы баршаға аян.

Тағы бір айта кететін жайт, жастардың көпшілігі қазақтың көне тарихын, ұлы ойшылдары мен кемеңгер тұлғаларын білмей жатады. Ал, шет елдерге өзіміздің қазақ екенімізді танытатын ұлттық дәстүрлерімізді, ұлттық құндылықтарды біз үйретпегенде, кім үйретеді? Ақыл айтып, ауыз толтырып сөйлеу оңай. Ендеше, табалдырықтан аттаған биылғы Жастар жылында біз өз мүмкіндігімізді қалт жібермей, үйреншікті іс-шара ұйымдастырудан қашып, жаңаша форматта, елге, жастарға пайдасы зор, ой саларлықтай тың дүниелер тудыруды ойлауымыз қажет-ақ. Бұл тұрғыда Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын жастар тағы бір рет ой елегінен өткізіп алғаны да артық болмас еді.

Биыл мектеп оқушыларына арналған «English for Jastar» жобасы бойынша да жұмыстар жалғасын табады. Аталмыш жоба аясындағы шаралар өңірде сынама түрде алты мектепте өтті, нәтижесі көңілге қонымды. Бұл ауыл жастарының шет тілін тегін меңгеруіне мүмкіндік береді.

Жас саясаттанушылар клубының жұмысын жолға қою арқылы жастардың саяси сауаттылығын көтеру, кітап оқуға шақыру мақсатында кітапханалар базасында жаңа форматта «Білім орталығы» жобасын жүзеге асыру жоспарда бар.

Ринат  ҒИЛАЖЕВ,

«Жас Отан» жастар қанаты облыстық филиалының төрағасы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button