«Kilen Hub»: Жүзбе-жүз жүздесу

1f3409bf c581 45ca a594 bbd568c562cd Жаңалықтар

Бүгін Наурыз мерекесі қарсаңында «Kilen Hub» шығармашылық бірлестігі жастарды Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада кездесуге шақырады.

Кездесуде танымал спикерлер дәріс оқып, интеллектуалдық ойындар мен сазды бағдарлама ұйымдастырылады. Сондай-ақ көрермендер назарына шеберлердің қолөнер бұйымдары ұсынылады.

«Kilen Hub» шығармашылық бірлестігінің мақсаты жергілікті жас әртістердің өзінің музыкасын дамытуға және көпшілікке танылуына көмектесу, сол арқылы қаламыздың талантты жастарына және өнердің дамуына қолайлы орта жасау. Сондықтан бүгін замандастарымызды сағат 17.00-де кітапханаға шақырамын, – деді бірлестіктің белсендісі Нұрсұлтан Зиядаев.

Айта кетейік, шара қонақтары мүмкіндігіне қарай ұлттық нақыштағы киіммен келу керек.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз