ХАЛЫҚ ЖАНЫН ТАНУДЫҢ КІЛТІ

Жуырда облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Тіл – халық жанын танудың кілті» атты орыс жастары арасындағы қазақ тілі білгірлерінің байқауы өтті.
Аталған басқарманың бөлім басшысы Мәншүк Мұхамбетқалиеваның айтуынша, байқаудың басты мақсаты – тек мемлекеттік тілді білетін үздікті анықтау ғана емес, ҚР Тәуелсіздігінің бір символы ретінде қазақ тіліне деген құрмет аясын кеңейту, жастарды қазақ тілін қадірлеуге тәрбиелеу болып табылады. «Біздің бұл шарамыз халықтар арасындағы бірлік пен достықты одан әрі қалыптастыруға септігін тигізеріне үміт зор» дейді ол.

Жарысқа 14-22 жас аралығындағы он екі талапты жас қатысып, олар байқау шарттары бойынша қазақ тілінің лексикасы мен грамматикасынан біліктілікті тексеретін елу тест сұрағына жауап беріп, берілген тапсырма бойынша монолог құру және сұраққа ауызша жауап беру сындарынан өтті. Бұған қоса, мәнерлеп оқу өнерлерін де ортаға салды.
Нәтижесінде бас жүлдені Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің І курс студенті Полина Кабдулкаримова жеңіп алды. Жылыой ауданының №18 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Екатерина Волкова І орынды иеленді. Жүлдегерлер дипломдармен, естелік сыйлықтармен марапатталды.

А. СОЦИАЛҚЫЗЫ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз