COVID-19: Анықтамасы жоқ шетелдіктерге Атырауға кіруге тыйым салынды

whatsapp image 2020 05 29 at 15.33.30 3 1024x682 1 COVID-19: Соңғы поштадан...

Карантин шектеулері енгізілген сәттен бастап Атырау облысына 25 759 адам кірді. ПТР анықтамасы жоқ 277 шетелдікке облыс аумағына кіруге шектеу қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram-каналына сілтеме жасап.

Атырау облысының «Атырау – Астрахань РФ» мемлекеттік шекарасында «Құрманғазы» өткізу бекеті арқылы келген адамдарға күнделікті мониторинг жүргізіледі.

Ағымдағы жылдың 4 наурызында «Құрманғазы» өткізу бекеті арқылы шекарадан 143 адам өтті. Олардың қатарында 14 жолаушы мен 129 халықаралық тасымалдаушы жүргізушілер бар. Шектеулер енгізілген сәттен бастап (2020 жылдың 6 қазаны) Атырау облысына 25 759 адам келген. Олардың қатарында 3 707 жаяу жүргінші және 22 052 жүргізуші бар. ПТР анықтамасы жоқ 277 шетелдікке облыс аумағына кіруге тыйым салынған. ПТР-сараптамасы тәсілі арқылы 2 741 Қзақстан азаматы COVID-19-ға тексерістен өтті, COVID-19-дың 9 тасымалданған оқиғасы анықталған (6 жүргізуші, 3 жолаушы).

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз