ҚХА сессиясы: Нұрсұлтан Назарбаев жаңа орынбасарларын таныстырды
Аtr.kz/29 сәуір, 2019 жыл. Елордада өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясы барысында ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің жаңа орынбасарларын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Өздеріңіз де білесіздер, біз әрбір сессияда ротация тәртібімен, сіздердің келісімдеріңізбен түрлі этно-мәдени бірлестіктердің атынан Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының екі орынбасарын тағайындаймыз. Ассамблея кеңесінің ұсынысымен, ҚХА Төрағасының орынбасары қызметіне «Вайнах» шешен-ингуш қоғамының мәдениетін дамыту Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма мүшесі Юсуп Келигов пен Нұр-Сұлтан қалалық өзбек мәдени орталығының төрағасы Шерзод Пулатов тағайындалды», — деді ҚР Тұңғыш Президенті.