imgpreview 3

Тұрақтандыру қорында 605 тонна көкөніс бар

Жаңалықтар Экономика
9 / 100

Өңірде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуін тежеу және тұрақтандыру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Атырау облысы коммуникациялар қызметі.

Қазіргі уақытта ӘКК тұрақтандыру қорында 605 тонна көкөніс өнімдері бар. Оның ішінде: 
Картоп – 361 тонна
Пияз – 80 тонна
Сәбіз – 50 тонна
Қырыққабат – 114 тонна

– Биыл біз «Феликс» шаруа қожалығымен 605 тонна көкөніс жеткізуге форвардтық шарт жасастық. Сәйкесінше, олар 361 тонна картоп, 80 тонна пияз, 50 тонна сәбіз және 114 тонна қырыққабат жеткізіп береді. Өсірілген өнім шаруа қожалығының жеке қоймасында сақталатын болады. Тұрақтандыру қорынан шыққан көкөніс бағасы өткен жылғы деңгейде қалады, – деді «Атырау» ӘКК АҚ мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру және МЖӘ жобаларын сараптау департаментінің басшысы Гүлмира Меңдіғалиева.

Сонымен қатар, департамент басшысы қоймаға жеткізіліетін көкөністің биылғы көлемі не себепті азайғанына түсінік берді.- Соңғы жылдары атыраулықтар көкөніс тапшылығын сезінген жоқ. Қысқы мезгілде де баға тұрақты. Өткен жылдардағы ауыл шаруашылығы өнімдерін сату деңгейін талдап, зерделеп көрдік. Содан соң тұрақтандыру қорына 605 тонна өнім жеткілікті болады деген қорытынды жасадық, – деді Г. Меңдіғалиева.

Тұрақтандыру қорының өнімдері осы жылдың желтоқсанынан бастап 4 ірі сауда нүктесіне, бекітілген бағамен саттыққа шығарылмақ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған