Үй болмай, күй болмайды

jPGt A4QIJ4 Саясат

Жолдау жолдарынан:

«Қазіргі «7-20-25», «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» және басқа да мемлекеттік бағдарламалардың басты мақсаты – халқымыздың тұрмыс сапасын жақсарту»

jPGt-A4QIJ4

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауы халықтың тұрмысын  жақсартуға бағытталған. Расында да, адамның көтеріңкі көңілі мен өнімді  жұмыс жасауы, қоғамда өзін белсенді де толыққанды адам ретінде сезінуі оның әл-ауқаты  ойдағыдай болуына тікелей байланысты.

Айталық, өзінің тұратын үйі жоқ, әркімнің сарайын жалдап жүрген қызметкердің жақсы жұмыс жасауға ниеті бола ма? Немесе атқаратын жұмысы шамадан көп, ал алатын айлығы шайлығына жетпейтін қызметкер ше? Міне, халық арасындағы осындай тұрмыстық қиындықтардың еңбеккердің жұмыс сапасына әсер етпей қоймайтынын ескерген Елбасымыз әрбір жұмысшы мен қызметкердің табысы мен тұрмыс сапасын арттыруды көздеуде.

Әсіресе, қазіргі күнде қолданыстағы «7-20-25», «Нұрлы жол», «Нұрлы жер», тағы басқа мемлекеттік бағдарламалардың  жас отбасылардың, мемлекеттік, бюджеттік сала қызметкерлерінің, баспанаға мұқтаж болып жүрген басқа да жандардың бағын ашады деп ойлаймыз. Бұл тұрғыда Нұрсұлтан Әбішұлының: «Әкімдерге жергілікті бюджет есебінен жеңілдетілген ипотека бойынша алғашқы жарнаны ішінара субсидиялау мәселесін пысықтауды тапсырамын» – деуі аталған бағдарламалардың бұдан да жеңілірек, бұдан да қолжетімді болатынына кепілдік беретіндей.

Сергей АЛПАТАНОВ,

еңбек ардагері.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз