Кешірілетін кредит: өзекті сұрақтар үшін арнайы аккаунттар ашылды
Atr.kz/18 қыркүйек, 2019 жыл. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Facebook пен Instagram әлеуметтік желілерінде қазақстандықтардың борыш жүктемесін азайту бойынша ең өзекті мәселелерді түсіндіру үшін арнайы аккаунттар ашты.
Борыш жүктемесін азайту мәселелері бойынша азаматтардың көптеген өтініштерін ескере отырып, ҚР Еңбекмині халықпен сындарлы диалог құру үшін арнайы аккаунт-алаңдарын құрды.
Осы тақырып бойынша сұрақтары бар азаматтар өзекті ақпаратты «Facebook» және «Instagram» желілеріндегі «Бәрі борыш жүктемесін азайту туралы» аккаунттарынан ала алады.
Бұған дейін хабарланғандай, борыш жүктемесінің төмендеуіне үміткер азаматтар өз мәртебесін төмендегі жолдармен тексере алады:
— Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі — ҚР Еңбекмині) ресми интернет-ресурсындағы мына сілтемеге http://nws6.enbek.kz/ru/status-check ЖСН енгізіп, сұрау жіберу арқылы;
— Электрондық үкімет порталының басты бетінде орналасқан «Борыш жүктемесін азайту бағдарламасына қатысу үшін мәртебені тексеру» электрондық сервисінің көмегімен. Ол үшін ЭЦҚ қажет болады;
-ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің базасында жұмыс істейтін call-орталықта 111, 74-32-20, 75-01-79, 75-01-78 телефондары бойынша консультация алу;
— Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіну арқылы.