Жарнама
Жаңалықтар

КЕШ ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ АРНАЛДЫ

 

Соғыстың ауыр жылдарын бейнелейтін театрландырылған көрініспен ашылған кешті қала халқымен бірге  облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов пен орынбасарлары тамашалады.

Кеш барысында Исатай ауданынан «Аққайың», Индерден «Ай-ару» би ансамбльдері, Альбина Мидар, Дана Мажитова, Жалғас Сағындықов, Аяулым Мұқамбет, Ғалымжан  Қалиев, Қадыржан Хасанов, Ыбырай Мұқтаров, Жанерке Кенжемұрат, Әсет Жеңіс, Жаңабай Майлашев, Шахризада Сидеғалиева және тағы басқалар өнер көрсетті. Ұлы Отан соғысы жылдарында шыққан «Катюша», «Смуглянка», «Синий платочек» және Отан туралы патриоттық рухтағы әндер айтылып, мың бұралған бишілер өнерлерімен тамсандырды.

Сондай-ақ, кештің қонағы халықаралық байқаулардың лауреаты, Мәскеу үлкен театрының әншісі Сергей Плюснин «Ұлы Жеңіс әндері» әндер топтамасын орындаса, Д.Нұрпейісова атындағы академиялық ұлт-аспаптар оркестрі мен жеке дауыста Аманжан Басығариев, Абдолла Мұханғалиевтер кештің сәнін арттырды.

Кеш соңында облыс әкімі Бақтықожа Салахатдинұлының атынан ықылас гүлі табысталды.

Айгүл ЕРТІЛЕУ.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button