Атырауда «Адалдық көпірі» ашылды

WhatsApp Image 2019 06 26 at 16.22.14 1 Жаңалықтар

Atr.kz/26 маусым, 2019 жыл. Кеше Жеңіс саябағындағы қалалық демалыс аймағын және Тұрғындар  қалашығын біріктіретін жаяу жүргіншілер көпірі тәрбиелігі мол қанатты сөздермен толықты. Енді көпір үстімен жүретін әр атыраулық жаяу жүріп қана қоймайды, сондай-ақ танымал тұлғалардың адалдық, әділеттілік, еңбекқорлық және мотивация турасындағы қанатты сөздер мен мақал-мәтелдерін оқып  өтетін болады.

«Атырау – адалдық алаңы» жобасы аясында   жүзеге асырылған «Адалдық көпірі» жобасы маңызды жобалардың біріне айналмақ. Мақсат – қала тұрғындарының назарын әдебиетте ізін қалдырған ұлы тұлғалардың қанатты сөздеріне аударту арқылы қоғам санасын өзгертуге,  жас өскелең ұрпақты адалдық пен еңбекқорлыққа баулуға, әділ болуға, заңды құрметтеуге шақыру . Ал, ең бастысы – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттілікті арттыруға маңыз берілді.

Жобаның ашылу рәсімін өткізген ҚР мемлекеттік қызмет  істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Тоқтамыс Қадошұлы Жұмағұлов  жаңа үрдістегі жаңа жобаның ашылуымен құттықтап, жиылған жастарды  бірлікке шақырды.

Шараға қатысушылары да жаңашылдықты жылы  қабылдап, қала тұрғындары мен жастардың санасын адалдық пен парасаттылыққа баулуға септігін тигізетін игі жоба екендігін .

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

WhatsApp Image 2019 06 26 at 16.22.15 1
WhatsApp Image 2019 06 26 at 16.22.15 1 1
WhatsApp Image 2019 06 26 at 16.22.15 2
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз