Облыста жыл басынан бері 8 адам суға батып кетті

200715132649995e Жаңалықтар

Атырау облысында жыл басынан бері 8 адам суға батып кетті. Оның ішінде 2 бала бар.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобынан мәлім еткендей, суға кету дерегі биылғы 22 қаңтарда тіркелген.

«Жыл басынан бері 8 адам суға батып кетті. Оның ішінде 2 бала бар. Биылғы 22 қаңтарында 9 жасар бала Атырау қаласындағы «Перетаска» каналында мұз астына түсіп кетіп, шыға алмай қалған. Ал, 4 маусымда Жылыой ауданының Жем ауылдық округінде 2009 жылғы жасөспірім арнайы жабдықталмаған жерде суға түсіп, батып кетті», -деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.

Қоғаммен байланыс тобының мәліметінше, 2020 жылы 17 адам, оның 4 бала суға түсу кезінде көз жұмған. Ал, былтыр 28 адамның ажалы судан болған. Оның ішінде 10 бала бар.

«Өткен жылғы 1 маусым-31 тамыз аралығындағы суға шомылу маусымы кезінде Атырау қаласында 11, Махамбет ауданында 4, Жылыойда – 2, Құрманғазыда – 2, Индер ауданында 2 қайғылы оқиға тіркелді. Жүргізілген талдауға сәйкес суға батып кетудің бірнеше себебі анықталып отыр. Мәселен, 4 адам тыйым салынған жерде суға түскен. Суға құлаудың салдарынан 10 адам жантәсілім етті. Мас күйде шомылып жүрген 4 адам көз жұмды. Ал, ересектердің қарауынсыз жүрген 10 бала суға батып кетті. Құтқарушылар 4 адамды құтқарып қалды. Оның 4 бала бар», -деп мәлім етті қоғаммен байланыс тобынан.

Бүгін, 16 маусымда төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері «Атырау» дене шынықтыру-сауықтыру кешені маңындағы жағажайда ата-анасының қарауынсыз шомылып жүрген 20-дан астам кәмелетке толмаған баланы анықтады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз