Жарнама
БілімЖаңалықтар

Келер жылы сырттай оқу тоқтатылмақ

2019 жылдан бастап Қазақстанда жоғары оқу орындарында сырттай оқу түрі тоқтатылады.
stress-studioЕліміздің Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлімдегендей, бұл норма жоғары оқу орындарының академиялық және басқарушылық дербестігін кеңейтуге қатысты түзетулерде көрсетілген. Алайда, қазіргі таңда сырттай оқып жатқан студенттер білім алуды жалғастырып, оқу орнын бітіріп шығады.

Білім және ғылым министрлігінде мәлімдегендей, қолданыстағы нормаларға сәйкес сырттай білім алатындар (күндізгі бөлімде білім алушылармен салыстырғанда) оқу бағдарламасына тек 65 пайызын ғана меңгеріп шығады екен. Алайда, соған қарамастан сырттай оқу бөліміндегілер күндізгі бөлімнің студенттерімен қатар бірдей диплом алып шығып, еңбек нарығына жолдама алады.
Сонымен қатар министрлікте білім алуды қалайтын, бірақ күндізгі бөлімде оқуға мүмкіншілігі жоқ азаматтар санаты бар екенін мойындап отыр. Бұл топтағы азаматтарға болашақта қашықтықтан оқытуды пайдалана отырып жаңа білім беру жүйесін енгізу жоспарланып отыр. Мұндай студенттер күндізгі бөлімде білім алушылармен тең дәрежеде оқу бағдарламасын толық жүз пайыз көлемде меңгеріп шығатын болады.

Сырттай білім беру Қазақстанда 2010 жылдан бастап тек жоғары білімді немесе колледж түлектері үшін ғана қолжетімді болатын. Сонымен қатар, сырттай білім алуға болатын мамандықтар тізімі де айтарлықтай қысқарған болатын, мысалы, медицина, ветеринария, құрылыс және басқа да бағыттар бойынша сырттай білім алуға тыйым салынған.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button