Жарнама
Жаңалықтар

КЕЙІН ТЫМ КЕШ БОЛАДЫ…

 

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Атырау қаласындағы филиалының директоры Рустам Жұмаділов заңның  жоғарыда көрсетілген бабының күшіне енген күнін күтпей-ақ, дәл қазір POS терминалдарды орнатуды ұсынады. Және оған бірнеше жақсы себеп бар. Біріншіден, POS терминалдарды орнату кез келген бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Қазақстандықтар барған сайын тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу кезінде ыңғайлы пластикалық карталарды жиі қолдануда. Ұлттық Банктің деректеріне сүйенсек, үстіміздегі жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда 14,5 млн-нан астам төлем карталарын ұстаушылар бар. Қазірдің өзінде POS терминалдармен жабдықталмаған кәсіпорындар пластикті банкноталардан артық көретін клиенттерінен айырылып жатыр. POS терминал орнатудың тағы бір салмақты негіздемесі – қомақты айыппұл. Сөйтіп, төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдер жасауға арналған құрылғыны орнатпағаны үшін кәсіпкер – жеке тұлғаларға 40 АЕК,  шағын және орта бизнес субъектілеріне 60 АЕК, ірі кәсіпкерлерге 60 АЕК әкімшілік жаза көзделген. Егер бұзушылық қайталанатын болса, салық органдары салған айыппұл сомасы екі еселенетін болады. Сондықтан клиенттерден айырылу және айыппұл алу қаупі төніп тұрғанда оқитын құрылғыны орнатуды кешіктіруге бола ма?

Банк ВТБ (Қазақстан) кәсіпкерлерге POS терминалдарды орнату және қызмет көрсету бойынша тиімді қызметін ұсынады. Біріншіден, банк аз уақыт ішінде ақша қаражатын ұйымның банктік шотына қайтарады. Екіншіден, біз POS терминалдарды тегін орнатамыз және кәсіпорын қызметкерін онымен жұмыс жасауға үйретеміз, сонымен қатар жарнамалық материалдарды тегін ұсынамыз. Үшіншіден, банк терминалды пайдаланғаны үшін оңтайлы комиссия ұсынады: ВТБ банкінің карталары бойынша комиссия – 0,6%-дан бастап 1%-ға дейін, басқа банктердің карталары бойынша – 1,6%-дан бастап 2%-ға дейін. Ең аз мөлшерлемелер жеңілдікті ұсыныстар аясында қолданылады. Сонымен қатар, банк қызметкерлері берілген құрылғыға сервистік қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді, — деп хабарлады Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Атырау қаласындағы филиалының директоры Рустам Жұмаділов, — сондай-ақ, осы жылдың қыркүйек айында біздің Банк «MasterCard-эквайринг» халықаралық төлем жүйесінің жобасын өнеркәсіптік пайдалануға қосқанын қуанышпен хабарлаймыз. Бұрын банктің POS терминалдары мен банкоматтары тек Visa төлем карталарын қабылдайтын, енді біз, сондай-ақ MasterCard және Maestro карточкалары бойынша қызмет көрсетеміз. Бұл біздің клиенттерімізге – POS терминалдардың иелеріне олардың күнделікті жұмысына айтарлықтай көмек болады.

Тағы бір жақсы жері – POS терминал орнатқысы келетін кәсіпкерлер ағымдағы шотты ашу кезінде де үнемдей алады. 2015 жылғы 1 маусымнан бастап Банк ВТБ (Қазақстан)-да «Сауда Эквайрингі» қызметі аясында акция жүріп жатыр, ол бойынша банктік шотты ашу бар болғаны 1 теңгені құрайды. Сонымен қатар, егер кез келген басқа қазақстандық банктердің бірінде шотыңыз бар болса, ВТБ-да тағы бір шот ашудың қажеті жоқ.

POS терминалдар орнату және қызмет көрсету туралы толық ақпарат алу Банк ВТБ (Қазақстан)-ның бөлімшелерінде, сондай-ақ 5050 ұялы телефоны арқылы тегін.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button