Еркіндіктің нышаны

875421 Жаңалықтар

Атырау қаласындағы №16 Ж.Қаражігітов атындағы мектеп-лицейде орналасқан №10 сайлау учаскесіне дауыс беруге келген жастардың бірі – «Қазақтелеком» АҚ-ның инженері Жанболат Құсайынов.

Отбасымен бірге келіп, өз таңдауын жасаған ол бұл жолғы сайлаудың жөні бөлек екенін айтты.

–Бүгінгі сайлаудың басты ерекшелігі – бюллетеньде «бәріне қарсымын» графасының болуы. Бұл жаңашылдық, азаматтарға таңдау құқығының еркіндігін білдіреді. Ал, маңыздысы – ел Президентін сайлауға әрқайсымыздың үлес қосатындығымыз. Сондықтан, мұндай маңызды сәттен қалыс қалғым келмей, отбасыммен бірге дауыс беруге келдім, – деді ол.

Айта кетейік, аталған сайлау учаскесіне қазірге дейін 600-ден астам адам дауыс берген. Оның ішінде, үйден дауыс бергендер саны – 8.

Мәлике МӘЛІК

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз