Жарнама
Жаңалықтар

Кеңөзек қашан кеңейеді?

Кеңөзек ауылдық округінің тұрғындарын жол, жарық, телекоммуникация, дәрігерлік пункттің жоқтығы мазалайды. Бұл туралы олар аталған елді мекен басшысының есеп беру жиынында айтты. Басқосуға облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембаев, Атырау қаласының әкімі Серік Шәпкенов қатысты. 

Әкімдер есебі

Қайнар ықшамауданының тұрғыны Айнұр Дүйсенғалидің айтуынша,  елді мекенде әлі күнге дейін талшықты-оптикалық желілер жүргізілмеген. «Сонымен қатар, күні кеше ғана бой көтерген Тасқала–4 ауылы асфальтталған. Ал, біздер қысы-жазы резіңке етікпен жүреміз. -10 градус    салқында жер лайланып жатады» деген ол тағы бір мәселенің түйінін тарқатты.

Атырау қаласының әкімі Серік Жамбылұлы телекоммуникацияларды жүргізудің жоспарланбағанын, дегенмен мәселенің шешу жолын  қарастыратынын жеткізді. «Кезінде тұрғындарға жер инфрақұрылым жүргізілмеген аймақтардан берілді. Кейін ғана бұл мәселеге маңыз беріліп, жер телімі заңдылық бойынша, жолы, газы, суы, барлық коммуникациялар жүйелері жүргізілгеннен кейін ғана берілетін болды» деп түсіндірді шаһар басшысы.

Өткен жылы ірі қара малдың арасында нодулярлы дерматиттің тарауына байланысты енгізілген карантин қаңтардың 10-ы күні аяқталды. Осыған орай, тұрғын Қайрош         Есімов жұқпалы аурулардың ошақтарын белгілеп, қоршап,  картаға түсірудің маңызын алға тартты. Ал, ауыл ақсақалы Жүсіп Дүйсебаев Тасқала елді мекенінде дәрігерлік     амбулаторияның жоқтығына тоқталды.

Кеңөзектіктерді мазалайтын үлкен мәселе бар. Олар округтің атымен аталатын өзектің арнасының тарылып, шөгінді болып қалғанына қынжылады. Мәселен, Нұрлан Сағынаев Жылу электр станциясынан жіберілетін ыстық суға толған өзектің ластанғанын, одан су ішкен малдың түрлі ауруға шалдығатынын айтып дабыл қақты. «Шөгіндісінің алды биіктеп кетті, ол үшін судың тіреліп тұрған жерін 1,5 шақырымдай қазып, аршу жұмыстарын жүргізсе, арғы жағындағы сайларға құйылады» дейді ол.

Кеңөзек ауылдық округінің әкімі Сәден Лұқпановтың айтуынша, Тасқала-3 елді  мекеніне футбол  алаңын  салу  үшін  жобалық–сметалық  құжаттарын  жасақтатып,  құрылысын  салу, ауылдардың  орталық  көшелерінің  бойындағы  жабайы  шөптерді  шабатын  1 дана  косилка (КДН-2,1) және  2 дана  тример  алу мен  елді  мекендерінің  атауларын  және  көше  аттарының  бағыттау  тақтайшаларын  орнату жоспарланып отыр.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембаев  көтерілген проблемалық мәселелердің ретімен шешілетінін жеткізді.

Рита ӨТЕУҒАЛИ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button