Жарнама
Жаңалықтар

«ҚАЗТРАНСОЙЛ» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ТАБЫСЫ ҚАНДАЙ?

Шоғырландырылған мұнай айналымы 34 млрд. 107 млн. тонна-шақырымды құрады, бұл жоспарлы межеден 11% және 2012 жылдың 9 айындағы ұқсас көрсеткішінен 9% жоғары.
Есеп беру кезеңі бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстанның Атырау және Маңғыстау облыстарының тұтынушыларына Астрахан — Маңғыстау суағызғысы арқылы су беру көлемі 17 млн. 840 мың текше метр болды, бұл жоспарлы межеден 14,5% және 2012 жылдың 9 айындағы көрсеткіштен 2,2% жоғары.
Есеп беру кезеңі бойынша негізгі қызметтен түскен табыс 141 млрд. 482 млн. теңгені құрады, бұл жоспарлы межеден 12% және 2012 жылғы осындай кезең көрсеткішінен 37% жоғары. Бұл орайда таза пайда 52 млрд. 339 млн. теңгені құрады, бұл жоспарлы межеден 42% жоғары көрсеткіш, 2012 жылдың 9 айының қорытындыларынан 128%-ға жоғары.
«ҚазТрансОйл» АҚ есеп саясатына сәйкес 2013 жылдың 31 шілдедегі күйіне сай «ҚазТрансОйл» АҚ компаниялар тобының негізгі құрал-жабдықтарын қайта бағалауы өткізілді. Қайта бағалаудың алдын ала қорытындылары бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ тобы активтерінің теңгерімдік құндылығы 407 млрд. 978 млн. теңгені құрады, бұл 2012 жылдың 31 желтоқсандағы нақты көрсеткішінен 12% жоғары.

Өз тілшіміз.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button