«Kazsat-3» жерсерігіне көшу қалай жүзеге асады?

Оқырмандарымыздың есінде болса, қазақстандық «KazSat-3» жерсерігіне көшу, сондай-ақ, отандық цифрлық телехабар тарату желісі туралы біраздан бері әңгіме болуда. Осынау жаңалықтың таралуы мен артықшылықтары жөнінде біз не білеміз? – Осыған орай біз «Қазтелерадио» АҚ Атырау облыстық филиалының директоры Дархан Шапхатұлы Хұсынов мырзаға жолығып, осы мәселе жөнінде тереңірек айтып беруін өтінген едік.

– Өздеріңіз білетіндей, «KazSat-3» жерсерігі ғарыштық қолдануға 2014 жылдың желтоқсан айында жіберілген болатын. Соның арқасында Ұлттық телерадиохабар таратуды отандық жерсерікке көшіруге мүмкіндік туды. Қазірдің өзінде қазақстандық 14 кәсіпорын «KazSat» сериясындағы ғарыш аппаратын қолдануда. Олардың арасында Республиканың ірі телекоммуникациялық операторлары, ұлттық компаниялар, әскери құрылымдар, тәртіп сақтау органдары, мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ, еліміздегі жеке меншік компаниялар да бар. ҚР телерадиохабар тарату Ұлттық операторы «Қазтелерадио» АҚ да өзінің цифрлық телеарналарының хабар таратуын шетелдік жерсеріктен отандық жерсерікке көшіруді бастады. Үстіміздегі жылдың 15 наурызынан бастап хабар тарату екі жерсеріктен де жүргізіледі. Алайда, бұл уақытша шара, бұл көшу кезінде қазақстандық тұтынушылар желіден қол үзіп қалмауы үшін қолға алынып отыр.

– Қазақстандық жерсерікке көшудегі басты мақсат не?

– «KazSat-3» телекоммуникациялық ғарыш аппараты байланыс, телехабар тарату және Қазақстан аумағында жоғары жылдамдықты ғаламтор желісі қызметтерімен қамтамасыз етуге бағытталған. Ел аумағында телевизияны таратуға жағдай жасаудан басқа, «KazSat-3» жерсерігі еліміздің ақпараттық қауіпсіздігін арттырып, мемлекеттік органдарды тәуелсіз байланыс арналарымен қамтамасыз етеді. Сөйтіп, шетелдік жерсеріктерді жалдауға кететін қаражатты үнемдеуді көздейді. Ал, бұл – зейнетақы, мұғалімдер мен дәрігерлердің еңбекақылары, түрлі жәрдемақылар…

– Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен Лиза СЕЙТІМОВА.

Толығырақ газеттен оқи аласыз.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз