Депутаттар мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері партия алаңында Елбасы Жолдауын талқылады

нур отан ис устинде Жаңалықтар

«Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалының кезектен тыс ХХІV конференциясы болып, онда Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын міндеттер және билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуі кеңінен талқыланды.

нур отан ис устинде

Конференция жұмысына  облыс әкімі, «Нұр Отан» партиясы  Атырау облыстық филиалының төрағасы Нұрлан Ноғаев қатысып, Жолдау жүктеген нақты міндеттер туралы баяндама жасады.

«Қазіргі таңда еліміз әлемдік қауымдастықта лайықты орнын алып, дамып келе жатыр. Қай бағытта болмасын, Елбасының бастамасымен және тікелей қолдауының нәтиже-сінде іске асырылып отырған салалық бағдарламалар өз жемісін бере бастады. Заман талабына сай, Қазақстан да жаңа­руда. Әсіресе, мемлекеттік басқару жүйесі мейлінше теңестірілген жүйеге ауысу мәселесін Елбасымыз өте орынды, әрі дер кезінде көтеріп отыр. Бұл – осы заманғы, қазіргі күн­нің шынайы келбе-тіне сай жасалған қадам» деген облыс басшысы бұл шаралардың нәтижесінде жауапкершілік жүгінің ауырлай түсетінін атап өтті.

– «Халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, өркениетті елдерде мемлекеттік биліктің барлық тармақтары елдің алға қарай барынша прогрессивті жолмен дамуына мүмкіндік беретін биліктің түрлі тармақтарының өзара іс-әрекет жүйесін құруға ерекше маңыз береді. Өз Үндеуі арқылы Ұлт Көшбасшысы мемлекеттік институттарды нығайтуға және биліктің барлық тармақтарын күшейте түсуге арналған жаңа бағытты айқындап отыр, – деген Нұрлан Асқарұлы барлық қатысушыларды бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

«Жаһандану үрдісінің жақсы, жарқын жақтарын ғана тәжірибе алмасу арқылы экономиканы жаңғыртуға пайдалану қажет» деген ол бес басымдыққа жету жолындағы көзделген іс-шаралар жөнінде де атап айтты.

Бұдан соң, сөз алған Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Айдарбек Айтбөкешев Елбасы Жолдауындағы төртінші басымдық, яғни, адами капитал сапасын жақсарту бөліміне кеңінен тоқталып, өзі басшылық жасайтын білім ордасының озық тұстарын үлгі етті. «Болашақтың азаматы тек дайын ақпаратты біліп және түсініп қоймай, ең маңыздысы – оны өз бойынан өткізіп, талдап,  ерекшеліктерін анықтап, оған тиісті дәрежеде баға бере алатын қабілеттері қалыптасқан  тұлға болуы қажет» деді. Ол Елбасы тапсырмасына сай қазақстандық және халықаралық озық тәжірибені ықпалдастыратын инновациялық білім беру моделін құрып және оны орта білім беру жүйесіне таратуда Назарбаев Зияткерлік мектептері көптеген жұмыстарды іске асырып отырғанын баяндады.

????????????????????????????????????
«Қазақстанның ішкі саясатының негізгі күретамыры – тұтастығы мен бірлігінде. Жыл сайынғы Жолдауда осы қағидаттың қалыс қалмайтыны көңілдерге қуаныш ұялатады». Осылай деген Атырау мұнай және газ университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі Людмила Садықова жастардың санасына патриоттық сезімді сіңіру жолындағы тәрбие жұмыстарының маңызы мен рөліне тоқталды.

Жастар және патриотизм тақырыбын  одан әрі жалғаған Атырау қаласы жастар ресурстық орталығының басшысы Рафхат Бозбалиев: «Жолдауда Елбасы негізінен экономикалық мәселелерге тоқталғанымен, астарында жастарға ар-налған үлкен үндеу бар. Экономикалық өсім, өркендеу өскелең ұрпақпен жұмыс жасауға байланысты» дей келе, Атырау жастарының ІТ технология бағытындағы жетістіктерін саралады. Оларды ағылшын тілін терең меңгеруге талпынып, ел үшін еселі еңбек етуге шақырды.

«Атырау. Маленькая страна» орталығы – қозғалыс функция-лары тежелген, науқастары ауыр балалармен жұмыста үлкен жетістіктерге жетіп отырған мекеме. Аталмыш ұйымның басшысы Ерлан Күмісқалиев өз сөзінде «аянбай еңбек еткен жанның алмайтын қамалы жоқ» деді. Ол сондай-ақ, өз орталығына екі бірдей баласын алып келетін ананың ұрпағының келер күн үшін тырмысып, бес жұмысты бірдей атқарып, балаларының сауығып кетуінен күдерін үзбей жүргенін айтып өтті. «Жұмыс жоқ, ақша жоқ» деген адамдардың аяқ-қолдары сау екенін көргенде, мемлекет тарапынан іс бастауға, білім алуға жасалып отырған мүмкіндіктерді пайдалана алмай отырғандарын байқағанда шын қынжыласың» деді ол.

Сондай-ақ, конференцияда облыстық мәслихат депутаттығына үміткер ретінде ұсынылған партия мүшелерінің бағдарламалары таныстырылды.

Гүлжан ӘМІРОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз