
ЖаңалықтарҚоғам
Қазақстандықтар 5 мың теңгеге ұшақпен ұша алады
Atr.kz/ 29 наурыз, 2019 жыл. «FlyArystan» әуе компаниясы Алматыдан Таразға қатынайтын жолаушыларға рейс үшін 4999 теңгелік бағаны ұсынды.
«Әзірге әуе тасымалдаушысы екі бағыт бойынша ғана ұшады. Олар: Алматы-Орал және Алматы-Тараз» деп хабарлайды әуе компаниясының баспасөз қызметі. FlyArystan әуе компаниясындағылар бүгін билеттердің сатыла бастайтынын мәлімдеді. Осылайша, Таразға бағыт алған алғашқы рейс 1 мамырда ұшып шығады және бір бағытқа арналған билеттің құны жинақты қосқанда 4999 теңге болады. Ұшу уақыты – 60 минут.
Ал Алматыдан Оралға ұшу бағасы – бір бағыт үшін 12 999 теңге. Алғашқы рейс биылғы жылдың 2 мамырында ұшып шығады. Ұшу уақыты – 2 сағат. Қазақстандықтар 180 орынға есептелген Airbus A320 ұшағымен ұшатын болады.