Жарнама
Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОЛ ЖӘНЕ РЕФОРМАЛАР

Конференцияға қатысушылар Қазақстан мемлекеті мен оның Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көпэтникалық қоғамды дамытудағы еңбегі, қазақстандықтардың ұлттық бірлігі мен қоғамдық келісімін қамтамасыз етуге қосқан үлесін талқылап жатыр.

Елбасы халықаралық кикілжіңдер, қақтығыстарға байланысты үнемі арағайындық танытып, тараптарды татуластыруға күш салып келеді. Мұны әлемдік державалардың басшылары да бағалап отыр. Кеше  Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Парламенті Мәжiлiсінің  депутаты Жұматай Әлиев осындай пiкiр бiлдiрдi. 

– Мысалы, Қырғызстандағы қақтығыс, Әзірбайжан мен Армения арасындағы кикілжің кезінде Нұрсұлтан Әбішұлы да бұл мәселелерді шешуге өз үлесін қосты. Елбасының әлемде беделі жоғары. Оны өздеріңіз де көріп жүрсіздер. Дәстүрлі діндер съезі Астанада өтіп жүргені де Президенттің сындарлы саясатының арқасында жүзеге асып отыр. Одан бөлек, ЕҚЫҰ, ЭКСПО-2017 көрмесі, Универсиада 2017 секілді халықаралық деңгейдегі шараларды айтуға болады. Осының бәрі еліміздегі тұрақтылық пен Елбасының беделінің арқасында, – дейді Ж.Әлиев.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button