Жарнама
БЕЙНЕЖАЗБАЖаңалықтарҚоғам

Қазақстандық жастар Африкадағы 250 адамға ауызашар асын берді (+ВИДЕО)

Аtr.kz/15 мамыр, 2019 жыл. Қазақстандық бір топ жас Африка елінде тұратын мұсылман жұртшылығына ауызашар асын берді.

https://www.youtube.com/watch?v=7l6M7e8Iaug

Дастархан 250 адамға жайылған. Ұйымдастыру жұмыстарын Африкадағы мұсылман халқына ауызашар беретін қор қолға алған. Алматы қаласы мен Ақтөбе облысындағы 50-ге жуық белсенді жас сол қорға ақша аударған.

«Қасиетті Рамазан айындағы игі істердің төресі — ауыз аштыру. Африка мұсылмандары ауыздарын қара сумен ашатынын естігенде ас беру ойы туындады. Олардың күнкөріс деңгейлері өте төмен. Ауызашар бағдарламасы бойынша бір адамды тамақтандыруға 1 доллар, яғни 380 теңге шамасында жұмсалады екен. Қазақстанда бұл баға бір адамға — 600-1500 теңге. Оның үстіне, елімізде ауызашар беріп жатқандар өте көп. Өңірлердегі әрбір мешітте де олар күнделікті тегін ұйымдастырылады. Аталмыш елдегі халықтың жағдайына қарап шүкіршілік етсек деген ой», — дейді ұйымдастырушылардың бірі Ержан Мизамов.

20190515073611

Оның айтуынша, алдағы күндері еліміз жастары Мысырда білім алып жатқан 80-ге жуық қазақстандық студентке ауызашар асын беруді жоспарлап отыр.

«Ұсыныстар өте көп түсуде. Оның ішінде, Қазақстандағы жағдайы төмен отбасыларға қайырымдылық шараларын ұйымдастыру бар», — дейді ол. Айта кетейік, 6 мамыр күні басталған Рамазан айы 5 маусымға дейін жалғасады. Қасиетті Қадір түні — 31 мамырдан 1 маусымға қараған түн. Ал 5 маусым — ораза айтының бірінші күні. Биылға белгіленген пітір-садақа көлемі — 300 теңге.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button