Атырауда 30 сәуір күні қайырымдылық велошеруінің өтуіне байланысты орталық көшелерде автокөлік қозғалысына шектеу қойылады, деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.
30 сәуірде 10:00-деп 13:00-ге дейін төмендегі автокөлік жолдары жабылады:
– Драмтеатрдағы Абай көшесінен Махамбет көшесінің қиылысына дейін;
– Махамбет көшесінен Абай көшесінің қиылысымен Азамттық даңғылына дейін;
– Азаттық даңғылымен Махамбет көшесінің қиылысынан бастап Әуезов көшесіндегі айналма жолға дейін;
– Әуезов көшесінедегі айналма жолдан Жилгородок ықшам ауданындағы көпір арқылы Владимирский көшесіне дейін;
– Владимирский көшесінен Сәтпаев даңғылына дейін;
– Сәтбаев даңғылынан Орталық көпірге дейін.
Велошеру ұйымдастырушылары Атырау қаласының тұрғындарынан уақытша туындайтын келеңсіздіктер үшін кешірім сұрайды.
Айта кетейік, велошеруге кез келген ниет білдіруші қатыса алады.
Тіркелу уақыты – 8.00, басталуы – 11.00-де. Велошеруге қатысу үшін мына сілтемеге өтесіз.
Хорлан СМАДИЯР