Жарнама
ЖаңалықтарЭкономика

Қазақстанда жылына 100 электровозға дейін құрастырылуы мүмкін

Аtr.kz/29 сәуір, 2019 жыл.  Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «ALSTOM» компаниясы Басқармасының төрағасы Анри Пупар-Лафаржды қабылдауы барысында айтылды.

«Біз 7 жыл бұрын табысты ынтымақтастығымызды бастадық. Бүгінде сіздердің кәсіпорындарыңыз теміржол саласында ғана емес, сондай-ақ машина жасау саласында да жұмыс істеп келеді. Компанияңыз шығаратын өнім өңір елдерінде сұранысқа ие», – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Әңгімелесу кезінде Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің көлік-транзит әлеуетінің артуына орай инфрақұрылымды дамытудың маңызды екенін атап өтті.

«Қазір инфрақұрылымдық даму өңірдегі маңызды бағыттардың бірі саналады. Бұл Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасына да байланысты. Біз теміржол желілерін салдық», –  деді Елбасы.

big 99255a563636ec06

Анри Пупар-Лафарж Нұрсұлтан Назарбаевтың инвестициялық ынтымақтастықты нығайту ісіндегі рөлін атап өтіп, кездесуге мүмкіндік бергені үшін Қазақстанның Тұңғыш Президентіне ризашылық білдірді.

«Электровоз құрастыру зауытында көп техника шығарылды. Бұл өнім шетел нарығына да жеткізілуде. Әзербайжанға экспорттауды бастадық. Біз қазақстандық мамандардың арқасында сапалы өнім шығаруға мүмкіндік алдық. Қазір өндірісімізді кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Зауыт қызметкерлерін 500-ден 700 қызметкерге дейін, сондай-ақ кәсіпорынның өнімділігін жылына 100 электровозға дейін көбейту жоспарда бар», – деді «ALSTOM» компаниясы Басқармасының төрағасы.


Дереккөз: «sknews.kz»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button