Еуропалық банк кәсіпкерлерге қаржыландыру жолдарын түсіндірді

Xrak1cjr1yw Жаңалықтар

Атырауға «Еуропалық қайта құру және даму банкінің» өкілдері келіп, жергілікті кәсіпкерлерге қаржы ұйымы тарапынан көрсетілетін көмектер жөнінде кеңінен әңгімеледі. Оған облыс әкімінің бірінші орынбасары Сағындық Лұқпанов қатысты. 

Xrak1cjr1yw

Халықаралық кеңесші Аяжан Жақсыбайдың айтуынша, тауар экспортта да өтімді болуы үшін оның ыңғайлы әрі жайлылығына назар аудару керек.

– Инновацияның да маңызы зор. Жаңа бастама тек өндірушіге ғана емес, тұтынушыға ұнағаны маңызды, – деді ол.

Жалпы, аталмыш банк несиелеумен қатар қайтарымсыз негізде грант та ұсынады. Күні бүгінге дейін қаржы ұйымы үш жүзге тарта осындай қолдау білдірген. Заман талабына сай банк шағын және орта бизнесті несиелендіру жолдарын жеңілдеткен.

Айбөпе Сабырова

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз