
ЖаңалықтарСаясат
Қасым — Жомарт Тоқаев Президент өкілеттігін атқаруға кірісті
Atr.kz/20 наурыз, 2019 жыл. Бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Республика Президенті өкілеттігін уақытша атқаратын Қасым-Жомарт Тоқаевқа Президент куәлігі, омырауға тағатын белгісі және байрағы, «Алтын қыран» ордені тапсырылды.

«ҚР Конституциясының 48-бабына сәйкес, Сізге Президент куәлігін, омырауға тағатын белгісін және байрағын, «Алтын қыран» орденін тапсыруға рұқсат етіңіз», — деді ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев.
Дереккөз: «Қаз Ақпарат»