
ЖаңалықтарСаясат
Қасым — Жомарт Тоқаев: «Әлеуметтік — экономикалық мәселелерді шешуге жаңа көзқарас қажет»
Atr.kz/23-ақпан, 2019 жыл. ҚР Сенатының төрағасы Қасым — Жомарт Тоқаев Үкіметтің отставкаға кетуіне қатысты пікір білдірді.

«Президенттің Үкіметті отставкаға жіберу туралы шешімі дер кезінде қабылданды. Қазақстандағы жағдай әлеуметтік- экономикалық мәселелерді шешуге жаңа көзқарасты қажет етіп отыр. Парламент Сенаты жұмысқа түзетулер енгізеді», — деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.
Министрлер кабинетінің жаңа мүшелеріне қойылатын талаптар 27 ақпанда өтетін «Нұр Отан» партиясының съезінде айтылады.
Дереккөз: sputniknews.kz