Атырауда балабақшалар саны көбеюде

20161206112208 Жаңалықтар

Атыраулық аналардың қуанатын күндері де алыс емес. Себебі, Бірлік ауылындағы 280 орындық, Геолог ауылының «Мирас» ықшам ауданындағы 165 орындық балабақшалар жуық арада пайдалануға берілмек. Бұл туралы қалалық тамыз кеңесінде айтылды.

20161206112208

Жаңа балабақшалар қатары мұнымен шектелмейді. Күні бүгін «Нұрсая» ықшам ауданында 320 орындық, Еркінқала ауылында 290 орындық, Атырау ауылында 160 орындық мектепке дейінгі білім беру орталықтарының құрылыстары жүруде.

Сондай-ақ, сұранысты жою мақсатында 8 мектеп пен 20 балабақша салу үшін жобалық-сметалық құжаттар дайындалуда.

 Мәлике МӘЛІК

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз