БЕЙНЕЖАЗБАЖаңалықтарҚұқық
Кассаның терезесін сындырып, ақшаны алып кетті… (+ВИДЕО)
Atr.kz/19 қазан, 2020 жыл. Алматы қаласында Kaspi банктің бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасалды. Қылмыскерлер кассадан екі миллион теңгеден астам ақшаны алып кеткен.
Әлеуметтік желіде тараған видеодан медициналық бетперде киген ер адамның балтамен касса терезесін сындырып, ішке қарай кіргенін көруге болады. Кассир басында үстелдің астына тығылған. Ал қылмыскер ішке кіргеннен кейін тұрып кетеді. Қарақшы «Сейф открой!» деп, бірнеше рет бұйырады. Содан соң кеңсе заттарын ақтарып, ақшаның жатқан жерін іздейді.