Жарнама
Құқық

Өзінің картшотына заңсыз ақша аударған кәсіпорын есеспшісіне жаза тағайындалды

Өңірде мемлекет қаржысын мақсатсыз жұмсау деректері анықталды. Құрманғазы ауданындағы Шортанбай ауылдық мәдениет үйінің есеспшісі заң талаптарын бұзып, өзінің  жеке банк карт шотына 13 184 251 теңге кәсіпорын қаражатын  аударғаны белгілі болды. Бұл туралы Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті өткізген бспасөз-мәслихатында атап айтылды. Бірінші жартыжылдықта атқарылған жұмыстар жөнінде баяндаған департамент басшысының орынбасары Жалғас Букаев аудиторлық шаралар кезінде анықталған заңсыздықтарға кеңірек тоқталды.

Атап айтқанда, жыл басында  Шортанбай ауылдық мәдениет үйі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына жоспардан тыс  аудиторлық іс-шаралар жүргізілген болатын. Тексеріс барысында кәсіпорын есепшісінің  Бюджет Кодексі талаптарына қайшы әрекетінің беті ашылды. Заңсыз аударылған 13 184 251 теңгенің 5 650 000 теңгесі қайтарылды. Бүгінде  кәсіпорын  есепшісіне сот шешімімен 5 жыл мерзімге материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Белгілі себептерге сай оны өтеу 5 жыл мерзімге кейінге қалдырылған.

Айбөпе САБЫРОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button