Жарнама
Жаңалықтар

Каспий теңізінде жер сілкінді

Каспий теңізінде 60 километрден астам тереңдікте 3,4 баллдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы Әзербайжанның Республикалық сейсмология қызметі орталығының сайтында хабарланды.

“Каспий теңізінде 62 километр тереңдікте магнитудасы 3,4 баллдық жер сілкінісі орын алды. Сілкіністер бүгін сағат 12:34-те (Мәскеу уақыты бойынша 11:34) тіркелді”, – делінген хабарламада.

Айта кету керек, былтыр 24 қарашада әзербайжандық сейсмологтар Каспийде тағы бір жер сілкінісінің болғанын хабарлаған еді. Ол кезде магнитудасы 5,2 баллды құрап, жер сілкінісінің эпицентрі 61 километр тереңдікте орналасқан болатын.

Сурет: atr.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button