Тұрмыстық тұтынушылар үшін өтемақы тарифтері төрт айды қамтиды

b1950866505ccd1f0b44e3ae3bd2b6190cd62882 906 Жаңалықтар

Бұған дейін коммуналдық қызмет түрлерін тұтынушылар тарапынан төленген артық төлемдерге байланысты уақытша өтемақы тарифтері енгізілген болатын. Бұл басқа да монополист мекемелермен қатар, «Атырау Жарық» АҚ-ына да қатысты болып отыр.

b1950866505ccd1f0b44e3ae3bd2b6190cd62882_906

Осыған орай, Атырау облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу департаментінен хабарланғанындай, тұтынушыларға электр қуатын таратушы желілік компанияның негізсіз деп танылған табысының көлемі 31,1 млн.теңгені құрағандығы анықталған. Артық алынған соманы кері қайтару үшін бұл кәсіпорында да уақытша өтемақы тарифтері бекітілген.

«Атырауэнергосату» ЖШС-нің директоры Эльмира Исембергенованың мәлімдеуінше, өтемақы тарифтері тұрмыстық тұтынушылар үшін биылғы 1 қыркүйек пен 31 желтоқсан аралығында қолданылады. Яғни, алдағы төрт ай мерзімді қамтиды. Нақтылай айтқанда, бұл кезеңде электр плиталарын пайдаланушыларға: 1-деңгей (тұтыну көлемі -110 квт/с) – 1 квт/сағатқа – 4,6 теңге, 2-деңгей (110-нан 190 квт/с-ға дейін) – 6,06 теңге және 3-деңгей (190 квт/с-дан жоғары) 7,58 теңге тарифі қолданылады.

Сол сияқты, стационарлық  электр плиталарын пайдаланушыларға тұтыну тарифтері: 1-деңгей (90 квт/с) үшін – 4,39 теңге, 2-деңгей (90-170 квт/с аралығы) бойынша – 6,06 теңге, сондай-ақ, 3-деңгейге (170 квт/с-дан жоғары) қатысты 7,58 теңге болып белгіленген.

Дәулетқали Аруев

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз