Жарнама
ЖаңалықтарЭкономика

Kaspi бір апта бойы 5 проценттік бонус бермек

Atr.kz/29 қазан, 2020 жыл. Kaspi.kz қосымшасының істен шығуына байланысты ел арасында жалған ақпараттар желдей есті.

Алайда банк өкілдері тек қана техникалық жүйенің сыр бергенін мәлімдеді. Қазір тұтынушылар әдеттегідей Kaspi.kz-тің барлық қызметін қолдана алады.

Бұған қоса, кеткен қателік үшін банктегілер көпшіліктен кешірім сұрап, 29 қазан мен 4 қараша аралығында Kaspi Gold және Kaspi Red-пен Kaspi QR арқылы төлем жасаған әр сатып алушыға 5 проценттік бонус бермек, деп хабарлады КТК.

Ал ІТ жетекші мамандар ресми ақпаратқа ғана сүйену керектігін ескертеді.

«Еш қорқудың қажеті жоқ. Өйткені барлығы қалпына келтірілді. Бұндай жағдайда дүрлікпеуге шақырамын. Осындай сәтте нағыз алаяқтарға алданып қалуларыңыз әбден мүмкін. Сол себепті тек ресми ақпаратқа сүйену керек. Қазір әр банктің арнайы сайты бар. Барлық сұрақтың жауабы сонда», — дейді Орталық Азиядағы, ТМД және Балтық елдеріндегі Kaspersky басқарушы директоры Евгений Питолин.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button