Локдаунсыз өмірге оралу үшін қанша қазақстандық вакцина алуы қажет?

img 20210201 wa0042 Жаңалықтар

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов локдаунсыз өмірге оралу үшін қанша қазақстандық вакцина алуы қажет екенін түсіндірді.

Елордадағы №6 қалалық емханада ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов пен Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Тілшілер бас санитардан вакциналаудың қандай оң әсері болатынын сұрады.

«Егер халықтың кем дегенде 50%-ы вакцина алса, иммундық қабат пайда болады. Осылайша, еш шектеусіз, карантинсіз, локдаунсыз қалыпты өмірге орала аламыз. Вакциналаудың ең басты нәтижесі осы болады», – деп жауап берді Ерлан Қиясов №6 қалалық емханада тілшілерге берген сұхбатында.

Сонымен бірге, Е.Қиясов жыл соңына дейін 6 миллион адамды вакцинамен қамтамасыз ету жоспарланғанын атап өтті.

«Жалпы, егу жұмыстары үшін 10 миллион азаматқа дейін есептелген сандарды алдық. Бәрінің вакцина алғанын қалар едік, өйткені коронавирустың қандай қауіпті инфекция екенін білесіздер. Барлығын вакцина алуға шақыруға тырысамыз», – дейді Е. Қиясов.

«Қазақпарат»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз