Кәсіпкерлерге жеңілдікпен несие берілмек

kredit v kazakhstane 58bc4ee739f34 Жаңалықтар

Аtr.kz/20 сәуір, 2020 жыл. Елімізде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасы іске қосылды.

Коронавирустық инфекция пандемияға және оның Қазақстан экономикасына жағымсыз әсер етуіне байланысты, төтенше жағдайдан зиян шеккен шағын және орта кәсіпкерлікті, дара кәсіпкерлерді қолдау үшін, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша:

         Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен (бұдан әрі – Агенттік) бірлесіп Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасын дайындады, бағдарлама  Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 19 наурыздағы № 39 қаулысымен бекітілді.

Бағдарламаны іске асыру үшін негізделген салымдарды екінші деңгейдегі банктерге орналастыру арқылы 600 млрд теңге бөлінетін болады.  

Бағдарлама бойынша оператор «Қазақстанның орнықтылық қоры»  акционерлік қоғамы (бұдан әрі – ҚОҚ) болады. ҚОҚ негізделген салымды екінші деңгейдегі банктерде орналастырады.

Екінші деңгейдегі банктерге нысаналы пайдалану бойынша қойылатын талаптар:

1) ақшалай қаражат шағын, орта кәсіпкерлік (бұдан әрі – ШОК)  субъектiлерiне жаңа кредиттер беруге бағытталуға тиіс;

2) бір қарыз алушыға арналған лимит: заңды тұлғалар үшін – шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне –
3 млрд теңгеден аспайды; дара кәсіпкерлер үшін – 50 млн теңгеден аспайды.

3) айналым қаражатын толықтыруға арналған кредит қарыз алушының банктік шотына аударылады, және қарыз алушы тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің ақысын, салықтарды және бюджетке басқа төлемдерді, жалақыны қолма-қол ақшасыз тәсілмен төлейді;

4) екінші деңгейдегі банктер ақшалай қаражатты мемлекеттік бағалы қағаздарды, Ұлттық Банктің ноттарын сатып алуға; мемлекеттік емес бағалы қағаздарды сатып алуға, шетел валютасын сатып алуға; басқа екінші деңгейдегі банктерде депозиттер орналастыруға; ШОК субъектiлерiн қаржыландыруға байланысты емес басқа мақсаттарға бағыттамауға тиіс.

Мына ШОК субъектілері қаржыландыруға жатпайды:

1) 2020 жылғы 16 наурыздағы жағдай бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен несиелік берешегі бар; 

2) екінші деңгейдегі банктермен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалар болып табылатын;

3) Қазақстан Республикасының бейрезиденттері болып табылатын;

4) мемлекеттік кәсіпорындар (мекемелер), ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының елу және одан астам пайызы (жарғылық капиталда қатысу үлестері) тікелей мемлекетке тиесілі ұйымдар, олармен үлестес тұлғалар құрылтайшылары (оның ішінде қатысушылары, акционерлері) болып табылатын, сондай-ақ меншік нысаны жеке мекеме ретінде ресімделген ШОК субъектілері және коммерциялық емес ұйымдар.

Екінші деңгейдегі банктер ҚОҚ-пен және Агенттікпен Бағдарламаны іске асыру туралы келісім жасасады. Аталған Бағдарламаға қатысушы-банктер: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «Jysan Bank» АҚ, «Сбербанк» АҚ ЕБ, «Банк ЦентрКредит» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ, «Bank RBK» Банкі» АҚ, «Нұрбанк» АҚ, «Еуразиялық Банк» АҚ, «Альфа-Банк» ЕБ» АҚ, «Altyn Bank» АҚ, «АТФБанк» АҚ, «ForteBank» АҚ, Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ.

Екінші деңгейдегі банктердің ШОК субъектілеріне кредиттік желілер шеңберінде қарыздар және (немесе) жаңа қаржыландыру беру талаптары:

сыйақы мөлшерлемесі  – жылдық 8%-ға (сегіз пайызға) дейін;

мерзімі – 12 (он екі) айға дейін.

 Агенттік ай сайын ҚОҚ-пен бірге кәсіпкерлерге жеңілдікпен берілген кредиттердің уақтылығына және дұрыс пайдаланылуына мониторингті жүзеге асырады.

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Атырау филиалы»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз